Жүзуден облыстық чемпионат өтті
Жаңаөзенде жүзуден облыстық ашық чемпионат өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға Маңғыстау өңірінің жеті командасынан 200-ге жуық жас спортшы қатысты. Жарыс 2013 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.