Кендірлі зауыты Жаңаөзенге ауыз су беріп жатыр
Кендірлі су тұщыту зауыты Жаңаөзен қаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағасындағы Тоқмақ елді мекені аумағында орналасқан. Кәсіпорын биыл сәуір айынан бастап Жаңаөзен тұрғындарын ауыз сумен қамтуға кірісті. Мұнда өндірілген ауыз суды «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қалаға жеткізіп, тұтынушыларға таратады.