Маңғыстаудағы этносаралық татулық
Маңғыстау облысында 50-ден астам этнос өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Олар ортақ шаңырақ астында бірлік пен ынтымақты ту етіп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып жүр. Бүгінде түрлі этнос өкілдері ана тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге де ерекше мән береді.