Тасмұрында бидай егу жұмыстары басталды
Маңғыстау ауданы, Тасмұрын жерінде күздік бидай егу жұмыстары басталды. Шайыр ауылына қарасты 2 мың гектар жер учаскесі «Мақсат» шаруа қожалығына үш жыл мерзімге жалға берілген. Қазір егіс алқабында дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Алғашқы тұқым себу науқанын осы айда бастау жоспарланған. Шаруалар алқапты игеріп, күздік бидайдан мол өнім алуды көздеп отыр.