Өңірде энергетикалық жобалар жүзеге асады
Ақтауда жаңа жылу қазандығының құрылысы басталды. Нысан іске қосылған соң қаланың жоғарғы бөлігіндегі шағын аудандарды жылумен қамту мәселесі шешіледі деп күтілуде. Жобаға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 48 млрд теңге қарастырылған. Ал келесі жылы Маңғыстау облысында жалпы құны 106,4 млрд теңгені құрайтын бірнеше энергетикалық жоба жүзеге асырылмақ. Нақты қандай жұмыстар атқарылады?