Футболшылар жаттығусыз қалды
Ақтаудағы «Каспий» футбол клубының жас тәрбиеленушілері бір аптадан бері жаттыға алмай жүр. Бұған спорттық аренаны жалға алу келісімшартының аяқталуы себеп. Ал балалардың ата-аналары алаңсыз отырған жоқ. Өйткені тұрақты жаттығу болмаса, жас спортшылардың дайындығы да ақсайды.