Дәрігерлермен кездесуде өзекті мәселелер көтерілді
Тақырыпты жалғастырамыз. ҚР құрылтайының депутаты Аббат Өрісбаев пен ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық бақылау комитетінің төрағасы Лаура Ахметнияз Жаңаөзен қаласына барды. Арнайы жұмыс тобы мемлекет басшысының жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Жаңаөзендегі көпбейінді қалалық ауруханасының ұжымымен жолықты. Кездесуде алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды.