Биыл Ақтау қаласына 60 жыл. Осыған орай Амфитеатрда өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Ақтау – Қазақстандағы ең жас қала. Бүгінгі заман талабына сай сәні мен салтанаты келіскен Ақтау қаласы жарқын болашақтың, кемелді келешектің кепілі іспеттес. Өзіндік тарихы бар шаһардың бүгінгі көрінісі көз тартарлық.