Ақтауда аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға арналған «Qamqorlyq» орталығы ашылды. Нысан 3 пен 18 жас арасындағы ерекше балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта логопед, дефектолог, психолог сынды мамандар жұмыс істейді.