Теңіз жағалауындағы Амфитеатр алаңында «Қазақстанның үздік тауары - 2026» өңірлік көрме-конкурсы өтіп жатыр. Іс-шара отандық өндірісті қолдау, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін кеңінен насихаттау және қазақстандық тауарлардың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Әріптесім Самал Бисен дәл қазір сол алаңнан ақпарат таратуға дайын.