Облыстық балалар ауруханасына ауыр жарақат алып түсетін балалар көбейген. Былтыр 23 бала құлап мертіккен болса, биылғы жылдың 6 айының өзінде 15 бала жарақаттанған. 9 кереуеті бар жансақтау бөлімінде кейде 12 науқасқа дейін ем қабылдайды екен.