Маңғыстау облысында мұнай-газ саласына қатысты жүргізілген сауалнама нәтижелері таныстырылды. Онлайн зерттеуге Атырау және Маңғыстау облыстарының 538 тұрғыны қатысқан. Талдау барысында тұрғындардың мұнай-газ саласының экономикаға, халықтың тұрмыс деңгейіне және экологиялық жағдайына әсері жөніндегі пікірлері талқыланды.