Қытайда Ханчжоу қаласында  Жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық велошабандоздар Сергей Пономарев пен Андрей Чугай жекелей спринтте 1/8 финалға шықты. Алайда, Сергей Пономарев 3 орынды, ал Ақмола облысынан Андрей Чугай екінші орынды иеленді. Ал, 29 қыркүйекте Сергей Пономарев «кейрин» бағдарламасы бойынша сынға түседі. Сонымен қатар, ақтаулық спортшысы Дмитрий Носков  бесінші орынға тұрақтады. Ал, шахматшы Бибісара Асаубаева қытайлық спортшымен тең ойнады. Естеріңізге сала кетейік, Жазғы Азия ойындарына ақтаулық 14 спортшы аттанған болатын.