Мемлекеттік қызмет - жауапкершілігі жоғары, халыққа адал қызмет етуді талап ететін сала. Осы салада еңбек етіп жүрген Рахат ауылы әкімдігінің бас маманы Айнұр Әбдіғаниева осылай дейді. Ол он жылдан астам уақыттан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп, ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін қарау, құжат айналымын жүргізу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыстарына белсенді атсалысып келеді.