Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырады. Соның бірі - ләңгі ойыны. Маңғыстаулық кәсіпкер Әнуар Шайхымов ләңгіні ел арасында кеңінен насихаттауға үлес қосып жүр. Былтыр ол мал терісінің кесіндісінен жасалатын ләңгі өндірісін іске қосты.