Бүгін "1001 күй" жобасына қатысқан маңғыстаулықтар марапатталды. Ұлттық өнерді үйренген 14 адамға алғыс хат берілді. Жобаға қатысушылар домбыраны әлеуметтік желі арқылы тегін меңгерді. Бастаманың авторы - Әлия Қарамұхан 2 ай бойы қатысушылармен өзінің жиған білімін бөлісті.