Ақтауда вандалдар Ынтымақ алаңындағы әткеншекті талқандаған. Олар құны 2,5 миллион теңгеге орнатылған әткеншек пен оның ілініп тұрған аспалы қазығын сындырған.  Енді қираған мүлікті қала әкімдігі қайта жөндемек. Бірақ тұрғындар сапасы сын көтермейтін осындай архитектуралық нысандардың салына беруіне наразы.