Сайөтес ауылдық округіне қарасты Боздақ елдімекеніндегі қосқабатты ескі төрт үйдің жөндеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда мердігер компания төрт үйдің шатырын ауыстырып, сыртқы қасбетіне толықтай сылақ жұмыстарын бастаған. Кіреберістердің есігі ауыстырылып, ішіне жарық та жүргізіледі.