Маңғыстауда 5 тарихи орын ЮНЕСКО тізіміне енеді. Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата мен Сұлтан үпі және Қараман ата жерасты мешіттері  халықаралық ұйымның зерттеу нысанына айналмақ.  Енді бұл тарихи-мәдени ескерткіштерге шет елдік экспедициялар келіп, барлық құжаттары ЮНЕСКО қарауына өткізіледі. Бұрыннан айтылып келе жатқан ұсынысты ел президенті толықтай қолдап, мәдениет министрлігіне тапсырма берді.