Ақтауды жасыл қалаға айналдыру үшін көгалдандыру саласына ғылыми жаңалық қажет. Осыдан 3 жыл бұрын Маңғыстау ботаникалық бағының мамандары осылай айтқан болатын. Содан бері облыстағы жалғыз эксперименталды бақта мыңдаған ағаштар өсіріліп жатыр. Енді осы тал-теректердің барлығы қаланы көгалдандыруға жіберіледі.