Негізгі Жаңалықтар Кемелерге жол кеңеймек

Кемелерге жол кеңеймек

Кемелерге жол кеңеймек

Ақтау портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталды. Бұған Каспийдегі су деңгейінің жыл сайын төмендеуі себеп болып отыр. Қазір порт акваториясының орташа тереңдігі шамамен 4,5 метр. Соның салдарынан кемелердің толық жүк тиеп, теңізге шығуына мүмкіндік шектеліп отыр. Жоба аясында порт аумағынан шамамен 1,3 миллион текше метр түпкі шөгінді топырақ алынады. Нәтижесінде теңіз түбі 6-7 метрге дейін тереңдетіледі. Бұл Ақтау портының өткізу мүмкіндігін арттырып, кемелердің толық жүкпен қатынауына жағдай жасамақ.


Бөлісу