Ұстаз еңбегі ұлықталды
Мұғалімдерге құрмет көрсетілді. Ұстаздар күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған 700-ге жуық педагог, білім саласының ардагерлері, облыс басшылығы және құрметті қонақтар қатысты. Шара барысында білім саласына үлес қосқан ұстаздар марапатталып, еңбектері атап өтілді.