Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу
Ақтауда «Алаңсыз үй» жобасы аясында арнайы тренинг өтті. Басты мақсат - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған жол бермеу тетіктерін күшейту және қиын жағдайға тап болған азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тренингтте аталмыш мәселемен күресу жолында жүрген мамандар спикер болды. Олар өмірде болған шын оқиғалармен мысалдар келтіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.