5548 әскери бөлімде жаздық қорытынды тексеріс басталды
Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөлімде жаздық қорытынды тексеріс басталды. Жыл сайын қазан айында дәстүрлі түрде өтетін бұл шара - жауынгерлік даярлық жұмыстарын бағалайтын маңызды кезең. Әскери бөлімнің алаңына жиылған сарбаздар саптық жүріс, әскери сәлемдесу және киім үлгісі бойынша тексерістен өтті.