Медицина табыстырған махаббат
Дәрігерлер жұмысы - асқан жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Абзал Сырым мен Әмина Айдарбаева үшін медицина қызметкері болу маңызды іс. Мамандықтары арқылы тағдырлары тоғысқан жұп отбасы мен қызметті қатар алып жүр. Ерлі-зайыптылар үшін халық денсаулығын жақсарту - ортақ мақсат әрі өмірлік ұстанымға айналған.