Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. 1 қаңтардан бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. Бүгін мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қала тұрғындарымен кездесіп, декларациялау және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы сұрақтарға жауап берді.