Қазақстан-Әзербайжан байланысы талқыланды
Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы саяси байланыстарды дамыту бағыттары талқыланды. Ғылыми-практикалық форумға Әзербайжан, Түркия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және Бельгиядан келген өкілдер, сондай-ақ сарапшылар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиынның негізгі мақсаты - екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған ашық сараптамалық алаң қалыптастыру.