Қос ауданның әкімі тағайындалды
Түпқараған ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімі бойынша Ербол Қалымұлы Дербісов аудан әкімі қызметіне кірісті. Ербол Дербісов 1986 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы заңгер болып бастаған. Кейін заң бөлімінің бастығы, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарыпты. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2021 жылы Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметінен бастаған.