Спортты серік еткен ұстаз
88 жастағы Фермебай Ережепов - Бейнеу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ардагер ұстазы, халық ағарту ісінің үздігі. Сегізінші ондықты еңсерсе де, спорттан қол үзген емес. Ардагер спортшы ізінен ерген буынға мықты денсаулық үшін көп қозғалыс керек екенін өсиет етіп айтып жүреді. Ауданның білім беру және спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының құрметті азаматы атағына да ие болған.