«Астанадан Жаңаөзенге сәлем!» Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен» театры Жаңаөзен қаласына гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымы бірнеше күн бойы Жаңаөзендік көрерменге қойылымдар ұсынып, сценарий жазу, актерлық шеберлік, тіл мәдениеті секілді дәріс өткізді.