Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар биылғы жылдың 24 маусымынан бастап заңды төлем құралы мәртебесін жоғалтты. Енді олармен сауда орындарында, дүкендерде және қызмет көрсету мекемелерінде есеп айырысу мүмкін емес. Ұлттық банк қолында ескі банкнотасы қалған азаматтар үшін оларды жаңа үлгідегі ақшаға айырбастау мүмкіндігін қарастырған.