Бейнеу ауданында жаңа теміржол вокзалының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 70-тен астам маман еңбек етуде. Жаңа вокзал ғимараты жертөлемен бірге төрт қабаттан тұрады.