Бейнеу ауданында 26 жалпы білім беретін мектеп бар. Соның екеуі - өткен жылы есігін айқара ашқан «Келешек мектептері». Заманауи үлгіде салынған білім ордаларында оқушылардың сапалы білім алуына қажетті барлық мүмкіндік қарастырылған. Жазғы демалысқа байланысты мектеп іші бүгінде тыныш.