Теңізге кеткен жігіттің денесін іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 3 күн бұрын теңізге барған 27 жастағы жігіт жабдықталмаған жерде суға түсіп қайта жағаға шықпаған. Іздестіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел-құтқару жасағы мен Ұлттық ұланының, Әскери-теңіз күштерінен сүңгуірлері жүргізуде.