Ақтауда заңсыз орнатылған мобильді павильондар алынып тасталды. Жыл басынан бері қаланың әр бұрышына рұқсатсыз қойылған 6 дүңгіршік айып тұраққа апарылған. Енді тағы осындай бес нүкте анықталды. Қаладағы кәсіпкерлік бөлім қызметкерлері ескертуге құлақ аспаған павильон иелеріне осындай шара қолдануға мәжбүр болған.