Ысталған балықтан уланған баланың жағдайы ауыр
Маңғыстауда ысталған балықтан уланған отбасындағы баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауруханаға инфекциялық-токсикалық шокпен жеткізілген.Қазір ол жансақтау бөлімінде, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.Пациентке ботулизмге қарсы сарысу енгізіліп, қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр.Мамандардың айтуынша, күн сайын консилиум өтіп, республикадағы өзге мамандармен телеконференциялар ұйымдастырылып жатыр.Сонымен қатар реаниматолог, инфекционист және невропатолог мамандарын Астанадан шақыртыпты.Бұл жағдай облыс басшысының тікелей қадағалауында.