Мұғалім мектепке мас болып келіп, оқушыларды балағаттады
Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қызметкер жұмысқа мас күйінде барған.Музыка пәні көркемдік жетекшісінің бұл әрекетін оқушылар бейнежазбаға түсіріп алған екен.Видеокадрдан қызметкердің балалармен дөрекі сөйлесіп, балағат сөздер айтқаны естіледі.Оқушылардың сөзінше, бұл оның мектепке ішімдік ішіп келген алғашқы жағдайы емес.Тіпті мас күйінде балаларды жекпе-жекке шақырған кездері де болыпты.