Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл аталған аумақтардан 450-ге жуық ұлан әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтейді.Қазір жастарды шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Қарулы күштер және Мемлекеттік күзет қызметіне жіберу бойынша жұмыстар жүргізілуде.