Ақшұқыр ауылының "Бегей" елді мекені тұрғындары бірнеше жылдан бері ауыз суға жарымай келеді. Ол  аздай қоғамдық көліктер тапшы, аялдама атымен жоқ. Ал жол мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келеді. Амалы таусылған ауылдықтар шағымын арқалап арнамызға хабарласты.