Құбыр үстіндегі құрылыс
Ақтауда тұрғын үйдің дәл іргесінде басталған құрылыс дауға айналды. Кәсіпкер нысан тұрғызуға қажетті құжаттарының түгел екенін айтады. Ал магистральды желіге жауапты мекеме керісінше, бұл құрылысқа ешқандай рұқсат бермегенін мәлімдеді. Даудың тағы бір түйіні - нысанның қызыл сызықтың үстінде орналасуы. Ендеше, кәсіпкердің қолындағы құжаттар құрылыс жүргізуге қаншалықты негіз болады? Ал бұл нысанның өзі заңды ма?