Тілші: Жаңаөзен қаласына Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары іссапармен келді. Олар Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарымен бірге Қазақ газ өңдеу зауытына ат басын тіреді. Мекеменің басшылығымен кездесіп, бүгінгі жағдайларымен танысты. Өндіріліп жатқан өнім көлемі туралы мәліметтерге қанықты.