«МАЭК» кәсіпорнында тәулігіне 6 мың текшеметр су тұшытатын қондырғылар іске қосылды. Аппаратты сатып алу үшін былтыр «ЖанСу 362» серіктестігімен шарт жасауға облыс бюджетінен қаржы бөлінген.  Ал, «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мың текшеметрден 40 мыңға дейін көбейту жобасы бітуге таяу. Қазір құрылыс жұмыстарының 95% аяқталды. Жауаптылардың айтуынша тамыз айында облыс тұрғындарына ауыз су беріле бастайды.