Өңірде биыл «Жайлы мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылуға жоспарланған 15 мектептің тек 5-уі пайдалануға беріледі. Өйткені, жобаның жүзеге асуына республикалық қазынадан қаражаттың уақытылы бөлінбеуі себеп. Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысында айтылды.