Өңірде АИТВ-ға тексерілу көрсеткіші өсті
Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 153 мыңнан астам адам АИТВ инфекциясына тексерілді. Өңірде инфекцияның алдын алу және ерте анықтау бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл жүкті әйелдердің 99,8 пайызы АИТВ-ға тексерілген. Ал олардың жолдастарын тестілеу көрсеткіші 96,8 пайыздан 98 пайызға дейін артқан.