Жасанды интеллект – жаңа дәуір технологиясы
Роботтар, жасанды интеллект пен цифрлық сервистер – осыдан біраз уақыт бұрын алыс болашақтың технологиясындай көрінген жаңалықтар бүгінде шындыққа айналды. Ақтауда "AI & Digital Mangystau 2026" форумы өтті. ІТ әзірлеушілер өздерінің тың жобаларын таныстырып, кәсіпкерлер цифрлық өнімдерін ұсынса, жас инженерлер тәжірибе жүзінде білім-білігін сынады. Форумға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай да қатысты.