150-ге жуық ақтаулық ерекше бала қала сыртындағы демалыс орнына барып, көңіл көтерді. "Әнші балапан" балалар қоры «бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз » атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Сонымен қатар, облыстық мешіттің қолдауымен азық-түлік пен тәттілер үлестірілді. Шараның мақсаты - балаларды қоғамға бейімдеу.