Биыл Құрық порты арқылы 1млн 600 мың тонна жүк жөнелтілген. Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүктердің 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы тасымалданады. Тасымалдаудың қысқа жолы-Құрық порты арқылы өтетін «Орта дәліз» бағыты. Бүгінде мұнда 130- дан астам маман еңбек етеді. Оның 60 пайызы жергілікті тұрғындар.