Маңғыстауда мопед айдаймын деп майып болған жасөспірімдер көбейді. Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне 15 мыңнан астам науқас түскен. Соның 250-дейі мопед айдап жарақат алғандар. Ал қос дөңгелекті техниканы тізгіндегендерге қатысты 1300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған.