Венецияда Каратэ WKF-тен жастар арасында өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз жүлделі оралды. Гүлнар Қойшыбаева әлем чемпионатында байрақты бәсекеде бақ сынап, күміс медаль иеленді. Спортшыны ата-анасы, тумаластары, достары әуежайдан сән-салтанатымен күтіп алды.