Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді. Қаракөл көліне қонған құстар аймаққа жылына екі рет келеді. Қанаттылар көлде қарашаның соңына дейін аялдап, ары қарай ұшып кетеді. Жалпы бұл аумақта қоқиқаздардан бөлек, су бүркіті, үйрек, көк құтан сияқты құстардың 160-тан астам түрі келіп қоныстанады. Олардың қатарында қызыл кітапқа енген қанаттыларда кездеседі.